ОҢТҮСТІКТЕ «ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ» КӨП ТІРКЕЛЕДІ...
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
2016 жылы Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 500-ден аса факті тіркелген. 21 ғасырда тұрмыстық тауқіметті тартып жүргендердің жағдайын жақсартып, бұзақыларды тәрбиелеу үшін ҚР Бас прокуратурасы қолға алған пилоттық жоба тағы да талқыланды. Облыс әкімдігінде өткен жиында арнайы мамандар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мәселелерді негізге ала отырып, Оңтүстіктен бастау алған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясының нәтижесін тізді.