Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры сотталды

Мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры сотталдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ойыл ауданында қызметін асыра пайдаланған мектеп-балабақша директорының бас бостандығы 1 жылға шектелді. Ол мекемені аттестаттаудан өткізу керек деген сылтаумен мұғалімдер мен тәрбиешілерден 585 мың теңге ақша жинаған. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі бойынша өзіне салынған айыппұлды қызметкеріне заңсыз төлеткен. Мектеп-балабақшаға өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін салынған айыппұл көлемі 29 мың 730 теңге. Директор айыппұлды шаруашылық меңгерушісіне төлеткізіп, оның құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзған. Кінәлі деп танылған 41 жастағы азаматшаның 3 баласы болғандықтан жазасы жеңілдетілді.
Мой аккаунт