Бүгін Алматы облысы, Қойшыбек ауылының ақсақалдары мен ұстаздары мектеп директорының орнынан кетуін талап етті. Ауыл тұрғындары білім ошағын басқарып отырған Айнаш Иманғалиеваның мұғалімдермен қарым-қатынасына наразы. Олардың директордың ұстаздарды жұмысқа қабылдау, сағат бөлу тәртібіне де өз айтарлары көп. Әсіресе, "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келген жас мамандарды қинайды,- дейді мұғалімдер. Кішкентай мектептегі үлкен дау туралы Гүлбану Әниятқызы...
Біз халықтың атынан айтатынымыз директор орнын босату керек. Біз баратын жерге барамыз.
Алматы іргесіндегі Қойшыбек ауылы тұрғындарының мектеп директорының орнынан кетуін талап еткеніне екі жылдан асыпты. Айтуларынша, шағын мекемені басқарып отырған Айнаш Иманғалиева мұғалімдерден ақша талап етеді. Директордың ұстаздарға сағат бөлуі де басқаша шешіледі. Ал "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келген жас мамандарды қабылдау - бөлек әңгіме.
МАЙГҮЛ РАМАЗАНОВА, Қойшыбек ауылының тұрғыны:
Менен 75 мың талап етті. Егер мен берсем 9 сағат береді. 30 мың подьемныйға қол қоям, 45 мың жас мамандар үй алатын 0 проценттік үкіметтің бағдарламасына қол қоям деді.
Әсел Дүйсенқабылова:
Декреттен кеткен кезде қайтып келу үшін ақша сұрады мен бердім.
Ауыстыра береді келесі жылы тағы бір мұғалім алады. Себебі ақша алу керек қой.
Ауылдағы кішкентай мектепті директордың әрекеттерінің заңдылығын анықтау үшін тіпті ақсақалдар алқасы зерттеу жасапты. Басшыға қатысты дәлелді айғақтар да жинадық,- дейді тұрғындар. Бұдан кейін, жиырма шақты ұстаз қол қойған шағым аудандық білім басқармасына жіберілген. Бірақ тексеру жүргізгендер түк таппапты. Өйткені, жұмыстан кетуден қорыққан мұғалімдердің біразы өз арыздарынан бас тартқан...
Оралхан Бақдәулетқызы:
Ақша алғандар алмадық деді. Қорқытты шыны керек басымыздан өтпегесін өтірік жазуға тура келді.
Гүлжахан Шадиярова:
Ешқандай ақша жиналған жоқ деп айтыңдар деді. Шынымен жиналды әр нәрсені сылтауратып.
Ұстаздары балаларға білім берумен емес, директорға теңге іздеумен кеткен мектептен береке кетті,- дейді тұрғындар. Ал мектептің ішінде оқушыларға ешқандай жағдай жасалмаған, бөлмелері суық. Асханасында санитарлық талаптар сақталмаған. Бұл аздай директор өзінің істері ашылмас үшін оқушыларды өтірік айтуға үйретеді дейді ұстаздар..