Малшылар үйірде жоқ малды есепке енгізіп, мемлекеттен субсидия алып отырған
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақмола өңірінің малшылары үйірде жоқ малды есепке енгізіп, мемлекеттен субсидия алып отырған! Прокурорлардың айтуынша, мұндай келеңсіз жайт бір емес, бірнеше ауданда тіркелген.
Мысалы, Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері осындай заңсыз жолмен тоғыз миллион теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан. Аталған қаражат асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, малдың өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында бөлінген.
Заң бойынша, ақшаны аудармас бұрын ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары құжаттарда көрсетілген мал санын қорадағы малмен салыстырып, мұқият тексеріп алуға тиіс еді. Алайда олар бұл міндетіне немқұрайлы қарап, мемлекет қаржысының қолды болуына жол берген.
Болат Байменов, мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының орынбасары
-Соның нәтижесінде 40 млн теңгеден астам бюджет қаражаттарының заңсыз төленгені анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Олар бойынша жергілікті атқарушы органдардың 42 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 11 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілкке тартылды.