Thursday, 18 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Кішкентай Жасұланға көмек қажет. 5 жасар бала ихтиоз ауыруымен ауырады

Кішкентай Жасұланға көмек қажет. 5 жасар бала ихтиоз ауыруымен ауырадыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кішкентай Жасұланға көмек қажет. 5 жасар бала ихтиоз ауыруымен ауырады. Яғни бала денесінің 90 пайызын қатты қабыршақ басқан. Анасының айтуынша, баласы дүниеге келгенде денесін күйік шалғандай болып туған. Міне содан бері бүлдіршін осы аурудың азабын тартып келеді. Әлеуметтік желілерде Жасұланға көмектесуге үндеген жазбалар бізді де бей-жай қалдырмады. 5 жасар бүлдіршін сирек кездесетін ихтиоз ауруына шалдыққан. Ол ата жаман науқас меңдеген Қазақстандағы жалғыз бала. Ата-анасы оның неден болғанын білмейді. Бірақ туа бітті осындай. Дәрігерлер бұл тұқым қуалайды деген. Әйткенмен отбасында ондайға шалдыққан жан жоқ. Біздің елде көпшілікке түсініксіз дерттің емі жоқ. Алматыда қосымша ем қабылдаған. Бірақ қайран болмады дейді анасы. Сондықтан, үйде өздері күтіп, бағуда. Ал, шетел асып, шипа іздеуге қаражаты тағы жоқ. Қайғыдан қан жылаған ананың бір ғана арманы Жасұланды шетелдік дәрігерлерге көрсету. Жанына батқан жарадан қиналғандығын білдіргісі келмейді бала. Өте көңілді, алғыр. Артынан ерген іні, қарындасымен асыр салып ойнап жүр. Бізбен де еш жатырқамай, тілдесті. Өз қатарластарынан ойының озықтығы байқалады. Жасы 5-ке енді толатынына қарамастан, түрлі тақпақтарды жатқа айтады. Тілі балдай балақайды көпшілік шеттетіп келеді. Балабақшалар да оны қабылдаудан бас тартыпты. Содан болар, анасы баланы көп далаға шығармайды. Қоғамнан қағажу көрген балақайдың армандары да үлкен. Екі аяғымды қатарластарыммен тең басып жүрсем, мектепке барсам дейді. Тіпті күнде бір мезгіл мектепті аралап, көріп қиялын ұштауды дағдыға айналдырған. Кішкентай Жасұлан мамандығында таңдап қойған. ДӘРІГЕР болғысы келеді. КӨМЕКТЕСЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ: Жасұлан Қорғанбектің есепшоты: (карточкаға банктен касса немесе терминал арқылы ақша аудару үшін) - KZ886010 00 200 548 41 11 Халық банкі, (карточкадан карточкаға аудару үшін) - 4402570100571411 Телефондары: анасы Ұлбибі Ықыласова +7 702 884 44 37; әкесі: +7 701 606 31 83; атасы: +7 777 783 83 10
Мой аккаунт