Saturday, 20 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Алматы ипподромы коммуналдық меншікке қайтарылады

Алматы ипподромы коммуналдық меншікке қайтарыладыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қазақстандағы сертификатталған жалғыз Алматы ипподромы коммуналдық меншікке қайтарылады. Мұндай шешім қалалық мәслихатың сессиясында қабылданған. «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Көлбаевтың мәліметінше, келісімшарт құны 4 млрд 200 млн теңге. Ал оны рәсімдеу жұмыстары осы тамыз айының соңында аяқталады. 1930 жылы салынған ипподромды 2000 жылы «Жокей клуб» атты энтузиастар бірлестігі сатып алады. Нысан кейін «Тенгри-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіне өтеді. Ал биыл ақпанда ипподром аумағына тұрғын үй салынады екен деген ақпарат тараған еді. Нысанды коммуналдық меншікке қайтару туралы бастамаға осы түрткі болды. Ипподром аумағында 40 гектар ат жарысы өтетін жер, әкімшілік нысан, мейманхана, монша мен атқоралар бар. Енді күрделі жөндеуден өтіп, ипподромының атын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Айбар Олжай, Алматы қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы -4,2 млрд теңге қаржы Алматы ӘКК капитализациясына құйылады. Сол арқылы «Тенгри-Инвест» ЖШС 100 пайыз акциясы сатып алынады. 6 жылдық инвестициялық бағдарлама қабылданды. 6 жылдың ішінде ипподром түгелдей өз шығынын өтеп, өзін-өзі ақтайтын жобаға, деңгейге шығуы тиіс.
Мой аккаунт