ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Шығыс Қазақстан облысында болды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.
Сенат төрғасы алдымен Семей қаласындағы «СемАЗ» машина құрастыру зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш кәсіпорын былтыр «Урал», «Жасман» жүк көліктері мен «Беларус» тракторының 2 түрін шығара бастады. Бүгінгі таңда өндіріс орныжылына «Урал» мен «Жасман» жүк көліктерін мың жарым данадан шығаруға қауқары бар. Мұнда, сонымен қатар, биылдан бастап «Газель» автокөліктерін шығару жоспарланып отыр. Қасым -Жомарт Тоқаев өндіріс орнынан соң, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері және оқытушылар құрамымен кездесіп, Елбасы жолдауын талқылады.