У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгінде ел аумағында Елбасы Жолдауының басым бағыттарын халыққа түсіндіру жұмыстары қарқын алуда. Айта кетерлігі, биылғы Жолдауда экономиканы жетілдірудің басты басымдылығы -- жаңа индустриалдық саясат екендігіне ерекше көңіл бөлінген болатын. Және бір ерекшілігі -- оны жүзеге асыру барысында әсіресе, аймақтарға баса назар аударылады. Осы орайда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Шығыс Қазақстандағы қарқынын бағдарлау мақсатында аймақтың бірқатар өндіріс ошақтарын аралады