Sunday, 21 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Қонақ үй терезесінен құлаған жас спортшы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Қонақ үй терезесінен құлаған жас спортшы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкінУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Павлодарда «Сарыарқа» қонақ үйінен құлап, аруханаға жетікізілген 12 жастағы Валерий Череповке күш көрсетілгенге ұқсайды. Сондықтан жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсауы ықтимал. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінің мамандары мәлімдеді. Жас спортшы Павлодарға Щучинск қаласынан щаңғы-роллер спортынан өтетін чемпионатқа қатысуға келген. Естеріңізге сала кетсек, жұма күні жасөспірім қонақ үйдің терезесінен секіріп, ауыр жарақат алған болатын. Қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Мамандардың айтуынша, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Наталья Стаценко, жасөспірімнің анасы -Баламның жаттықтырушысының айтуынша, ол сайыста жеңіске жету үшін үлкен үміт арқалап келген. Мен бүгін балам құлаған аумаққа барып, барлығын өз көзіммен көріп қайттым. Сол күні жаңбыр құйып жауыпты. Аяғы тайып, құлап кетуі мүмкін. Ал біреу оны итеріп, әдейі құлатты дегенге мен сенбеймін.
Мой аккаунт