ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ЖОЛАУШЫЛАР ЕСТЕРІН ЖИДЫ
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
16-шы маусым күні Алматы-Ташкент-Термез тас жолында қоғамдық көлік пен Хово соқтығысып, оннан астам адам қаза тапқан болатын. Тағы бірнешеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Қазір екі науқас есін жиған. Дәрігерлер олардың жағдайлары қалыпты дейді.
Нұржамал Бұқай сол күнгі жол апатынан аман қалғандардың бірі. Оның сөзінше Тараздан таңғы сағат сезігдер шамасында Шымкенткебағыт алған шағын автобус жолаушыларға толы болған. Оқиға орын алған сәтте ұйықтап отырған ол көпшіліктің айқайынан оянып кеткен. Соқының қаттылығынан есінен танып, көзін ашқанда жарамсыз күйге түскен көлікті көріпті.
Дәрігерлер қазір оның жағдайы бірқалыпты дейді. Тағы бір адам жарақат бөлімінде жатыр екен. Ол да есін жинаған. Дегенмен, жансақтау бөлімінде жатқандардың жағдайы әлі де ауыр.
Алған дене жарақаттарынан Мерседес Спринтер автокөлігінің жүргізушісі көз жұмды. Қазіргі таңда осы іске қатысты бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
НұрсұлтанТҰРЫСБЕКОВ