Қазақстан Президенті Сербия Республикасына сапарының қорытындысына арналған брифинг өткізді
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербия Республикасына жасаған ресми сапары нәтижелі аяқталды. Жергілікті басылымдар Мемлекет басшысының қатысуымен болған кездесулердің қорытындысын жарыса жазуда.
Елдар Бақпаев, тілші
-Әуелеген әуен, сымдай тартылған сарбаздар. Сербияда мұндай құрмет тек ең мәртебелі меймандарға ғана тиесілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Еуропа елдерінің әрқайсысы ерекше ілтипат, зор құрметпен қарсы алуда. Сербия Президенті Томислав Николич бұл ретте еуропалық әріптестерінен асып түспесе, қалыс қалмауға барын салғаны көрініп-ақ тұр.
1947 жылы іргетасы қаланған «Сербия» сарайы Белградта ресми қабылдаулар өтетін ғимарат ретінде танымал. Бүгінгі мəртебелі мейман – қазақ көшбасшысы. Бірнеше мəрте халықаралық ұйымдарда Сербияға қолдау танытып жүрген Қазақстан Президентінің сербтер үшін шоқтығы биік. Зеңбіректен он рет атылған оқтың өзі қазақ еліне деген оң көзқарасты аңғартты.