Елбасы «Арыстан» арнайы жасағының сарбаздарымен кездесті
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
«Бүгінгі күннің батырлары». Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің арнайы жасағы орналасқан «Арыстан» базасына барған Нұрсұлтан Назарбаев жасақ сарбаздарын осылай деп атады.
Біздің бейбіт, мамыражай өмірді қорғап жүрген азаматтардың еңбегі жайлы ақпарат құралдарында көп айтыла бермесе де, ерлердің еңбегі еленетініне баса тоқталды.
Террористік шабуылдарға тойтарыс беріп, ел тыныштығын қорғайтын Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің «Арыстан» арнайы жасағының сарбаздарының жұмысы қауіп-қатерге толы.
1992-ші жылы Шымкенттегі тұтқындарды босату операциясын сәтті орындап, бертін келе Боралдай мен Ақтөбе облысында орын алған терактіде лаңкестердің көзін жойған да осы сарбаздар.
Бүгін Елбасы тұңғыш рет «Арыстан» офицерлерімен кездесті. Әдетте жұмыстары ақпарат көздерінен көрсетіле бермейтін жасақтың бірқатар қызметкері «Айбын», «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгілерімен марапатталып, Елбасының қолынан қызметтік пәтерлердің кілтін алды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Арнаулы жасақтардың командирлері мен жауынгерлерінің қызметі ақпарат құралдарында көрсетілмейді. Бұл жөнінде біз көп әңгіме жасамаймыз. Ол түсінікті неге екені. Сіздердің жұмыстарыңыз туралы ақпарат басылымдарында көрсете бермейді. Айтыла да бермейді. Бірақ сіздердің жұмыстарыңыз әсіресе қазіргі заманда өте маңызды екенін білдіру үшін мен осында келіп отырмын.