У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Өзбекстанның барлық телеарналары мен радитолқындарында күні бойы азалы әуендер ойнатылды. Reuters агенттігі "үш дипломатиялық дерек көзіне" сілтеме жасап, президент Ислам Каримовтің 79 жасқа қараған шағында дүние салғанын мәлімдеді. Бірақ, Өзбекстан үкіметі әлі ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ. Ал Ақорда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қытайдағы ресми сапарын үзіп, Өзбекстанға баратынын" жоққа шығарды.