Sunday, 21 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Қазақстан Барысы 2016 Автокөлік ойнатылады!

Қазақстан Барысы 2016 Автокөлік ойнатылады!У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
2016 жылдың «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу жарыстары аяқталып, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жеңімпаз атанып, 32 балуан ақтық сайысқа жолдама алды. Өткен жылдардың финалға қатысқан балуандарымен қатар, биыл 11 балуан республикалық турнирдің бас жарысының кілеміне алғашқы рет қадам басады. Олар: Дулат Алпысов (СҚО), Алтынбек Аусағитов (СҚО), Еркебұлан Егінбаев (Павлодар облысы), Еламан Ерғалиев (Қызылорда облысы), Сержан Ерлан (БҚО), Ербол Игілік (Маңғыстау облысы), Бауыржан Қабай (Алматы қаласы), Абылайхан Қасымхан (Қостанай облысы), Асхат Құсайынов (ШҚО), Дархан Темірханов (Ақтөбе облысы) және Мереке Тұрашев (Ақмола облысы). Алдыңғы жылдардың жеңімпаздары: Руслан Әбдіразақов, Асыл Бәрменов, Жұманазар Ерсұлтанов, Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев пен тұңғыш барыс Ұлан Рысқұл көрермендер мен жанкүйерлерді Астана қаласында өтетін финалға шақырады. Былтырғы финалист Талғат Әмренов биыл «Әскер Барысы 2016» республикалық турнирінің жеңімпазы атанып, «Қазақстан Барысы» турнирінің жолдамасына ие болды. Фото және бейне-түсірілім материалдары сайтта, инстаграмда және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда жарияланады (#ҚазақстанБарысы, #КБ2016, #қазақкүресі). «Қазақстан Барысы» турнирі ақтық сайысының жеңімпазы, «Тайтұяқ» пен Қазақстан барысы алтын белбеуінің иегері анықталатын дүбірлі дода 3 шілдеде сағат 12.00-де елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. КӨРЕРМЕНДЕР АРАСЫНДА АВТОКӨЛІК ОЙНАТЫЛАДЫ! Ресми серіктес: Allur Auto JAC брендімен
Мой аккаунт