Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

«Қазақстан Барысы-2015» Бейбіт Ыстыбаев Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

«Қазақстан Барысы-2015» Бейбіт Ыстыбаев Елбасының Алғыс хатымен марапатталдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
«Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаевқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғыс хат жолдады. Бүгін қазақ күресінің алыбына арнайы төсбелгі мен дипломды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады. «Айтулы жетістіктеріңіз арқылы сіз жастарды саламатты өмір салтын ұстануға, шынығып, шымыр болуға, табандылыққа, мақсаткерлік пен жігерлілікке, елің мен халқыңның мақтанышына айналуға тәрбиелейтін ұлттық күресімізді дамытуға зор үлес қосып келесіз» - делінген Президенттің алғыс хатында. «Қазақстан барысында» екінші мәрте топ жарған Бейбіт енді аздаған үзілістен кейін «Еуразия барысына» дайындалады.
Мой аккаунт