Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Бүгін облыста 1952 түлек ҰБТ тапсырды

Бүгін облыста 1952 түлек ҰБТ тапсырдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Облыста ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасып жатыр. Бүгін білім сынағын қала мектептері мен Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Шалқар және Ойыл аудандарының түлектері тапсырды. Барлығы - 1 мың 952 оқушы. Медицина университетінде тестілеуге 492 бала кірді. Оларды ата-аналары қол шапалақтап, сәттілік тілеп, шығарып салды. Аудиторияға кірер сәтін күтіп тұрған оқушылардың бойынан қобалжу білінбейді. Балалар өз білімдеріне сенімді. Мектеп бітірушілер сынаққа кірместен бұрын толық тексеруден өтті. Тиым салынған заттарды алып өтпекші болғандар мұнда да көп. Оқушылардан тәркіленген ұялы телефон, шпаргалкалар сол бойда ата-аналарына, ұстаздарына берілді. Сол пункте жүрген Білім және ғылым министрлігінің өкілі Марал Әлиақбарова тестке кірген барлық түлектің сынаққа қатысқанын айтты. Бүгін Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Шалқар және Ойыл аудандарының түлектері де сынақтан өтті. Байғаниндік оқушылардың білім деңгейі орташа 76 балл. Апелляциялық комиссияға алғашқы күннің қорытындысы бойынша 277 шағым түскен. ҰБТ-да 121 балл алған "Шаңырақ" жеке мектебінің түлегі Әділбек Хайролдиев екі сұрақтың қате екенін комиссияға дәлелдеп, балын 123-ке жеткізді. Сөйтіп, "Алтын белгі" алатын болды. Ақтөбелік түлектердің соңғы легі ҰБТ-ны жексенбі, 7-маусымда тапсырады. Бұл Алға, Мәртөк және Қарғалы аудандары мектептерінің 586 оқушысы.
Мой аккаунт