У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Саяси кеңестің отырысында бастан-аяқ қазақша баяндама жасаған жалғыз шенеунік Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Түске дейін Астанаға әкім болып келіп, түстен кейін Өскеменде вице-премьер ретінде таныстырылған Сапарбаев Шығыс Қазақстанды 5 жыл, 8 ай басқарыпты. Ал, оның орнына бірнеше жылдан бері саяси сахнада көрінбей кеткен Даниал Ахметов келді. Бұған дейін вице-премьер болып келген Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.