У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Маңғыстау облысында жантүршігерлік оқиға болды. Жетібай кентінің бір топ азаматы 16 жастағы бойжеткенді зорлап, қорлық көрсеткен. Жергілікті тәртіп сақшыларының мәліметтеріне қарағанда, 15 наурыз күні ішімдікке сылқия тойып алған төрт азамат кешқұрым қыз баланы күшпен көлікке салып, тастанды үйлердің бірінде бір тәулік бойы ойларына келгенін істеген. Алайда бойжеткен бір тәуліктен кейін азғындардан қашып құтылған. Жапа шегуішінің айтуы бойынша оны 10-ға жуық азамат масқаралаған. Қазір полиция қызметкерлері бұл істі егжей тегжейлі тексеруде. Нәтижесінде 1980, 1982, 1985, 1987 жылғы ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24