Археологиялық ескерткіштерді қорғау туралы заң әзірленбек
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Көне тарихи құндылықтарды пайда көзіне айналдыратындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет. Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ғалымдар мен депутаттар осындай ұсыныс білдірді. Көршілес Ресейде осыдан бір жыл бұрын арнайы заң қабылданып, заңсыз қазба жұмыстарын жүргізгендерді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген болатын. Ал мұндай қылмысқа жол бергендер Қытайда тіпті , өлім жазасына кесіледі.