Monday, 22 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Апаттан кейінгі өмір

Апаттан кейінгі өмірУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кеше ғана апаттан кейін төсек тартып, жатып қалған әкесінің бүгін қолын ұстап, бірге қыдырып жүргені Ерасыл үшін нағыз бақыт. Ол бүгін ерекше қуанышты. Өйткені ажал аузынан аман қалған әкесінің жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. "Азия" тобының әншісі Ренат Баситовтың қолына ғана емес, ішкі ағзаларына да зақым келген еді. Естеріңізде болса, Балқаш-Алматы тас жолында болған сұмдық апат әншінің жақындарын ғана емес, бүкіл елдің алаңдаушылығын тудырған еді. Белгілі болғандай апаттан кейін қозғалған іске нүкте қойылыпты. Ренат қазір отбасымен үйде. Ем-дом қабылдап жатыр. Қолы қалыпқа келгенде уақытын бірден баласы мен жарына, жұмысына жұмсауды ойлап жүр. Ал, оған дейін отағасына жақындары көңіл бөлмек. Ал, бұл сүйкімді бойжеткен-Азиза. Дәл осы ару Азия тобының кезекті бейнеклипіне түсу үшін олармен бірге жолға шыққан еді. Апаттан қатты зардап шеккен Азизаның да бүгінде жағдайы жақсы. Азизаға да бірнеше рет ота жасалды. Сол апат күні Ренат тасжолда темір конструкциялар тиеп келе жатқан тралдардың бірін көлігімен жанап өткен кезде, жұлынып кеткен көліктің сол жағында Азиза отырған еді. Ол бірден көліктен ұшып түскен болатын. Алайда болған жағдай Азизаның есінде қалмапты. Балқашқа аман-сау барып, ес-түссіз оралған Азиза бұған ешкімді кінәламайды. "Тағдырдың сынағына еш мойымай, төтеп беремін" дейді ол.
Мой аккаунт