2015 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығы мамандары таратты. Мемлекет есебінен оқуға мүмкіндік беретін грантты ең көп иеленген – Оңтүстік Қазақстан облысының студенттері. Өңірге биыл жалпы саны 9 мыңға жуық білім гранты тиесілі. Екінші көрсеткіш – Алматы облысында. Онда 2700-ден астам студент мемлекет есебінен білім алуға мүмкіндік алды. 2600-ден астам грант иеленген Алматы қаласының студенттері үштікті түйіндеген. Ал білім гранттарын ең аз иеленген өңірлер тізімін Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары түйіндеп тұр. Жоғары оқу орындары арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2 мың 711 грантпен көш бастады. Одан кейінгі көрсеткішке Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ие болды. Айта кетейік, 2015 жылға 32 мыңнан астам мемлекеттік білім гранттары бекітілді. Олар бойынша 60 жоғары оқу орны білім береді.