У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Отандық ауыл шаруашылығы білім мен ғылымының қара шаңырағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл. Мерейтойға орай Алматыда «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ғылым мен білімнің басым бағыттарының жаңа стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесімен басталды.
Дәнді-дақылдардың, көкөністің жаңа сұрыптары, дайын өнімдер мен озық технологиялар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл өнімдердің әрқайсысында университет түлектерінің үлесі бар екені анық.
Теміржан Айтбаев, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ директоры
-Біздің институтымыз картоп, көкөніс дақылдарының 25 түрі бойынша 140-тан астам жаңа сорттар шығарды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 45 жаңа сорт будандастырылған. Біздің жаңа жетістігіміздің бірі – осы картопты биотехнологиялық әдіспен тұқымын көбейту, сауықтыру.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2010 жылдан бері ұлттық зерттеу университетіне трансформацялауға ден қойып отыр. Мұндағы мақсат – аграрлық ғылым, бизнес және өндірістің басын қосу.
Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры
-Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану кезінде заман талабына сай бүгінгі нарыққа бейімделуіміз керек. Біз мемлекетке масыл болмауымыз керек.