Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АСЫРАТЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АЙППҰЛДА ӘСЕР ЕТПЕЙ ОТЫР

ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АСЫРАТЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АЙППҰЛДА ӘСЕР ЕТПЕЙ ОТЫРУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Заңсыз жолаушылар тасымалдайтын көліктерге тосқауыл қою мүмкін болмай отыр. Құзырлы орган мекемелері, заңсыздықтардың жолын кесуге барынша ат салысуда. Алайда, заңды белшесінен басып, өз дегенін жүзеге асырғандарды құрықтау әзірге мүмкін емес. Олар, 8 орындық көлікпен жолаушыларды емін еркін тасымалдауда. Жүргізушілер ешқандай рұқсатсыз ақ жұмысын жалғастыруда. Олар ешкімнен аяқ тартпайды. Олқылықтарға көз жеткізбек болып мемлекеттік нөмері 634 ші минивэнге отырып, сарыағашқа қарай жол тарттық. Алайда жүргізуші қауіпсіздік белдемшесін тақан жоқ. Жолдағы көліктерді басып озып жылдамдықты асырды. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары, заңсыздыққа жол беріп, құлақ аспайтын жүргізушілерді тоқтатуға қауқарсыздық танытып отыр. Олар тек министрлікке хат жолдап, ұсыныс айтудан аса алмауда. Өйткені қанша айыппұл салынсада жүгенсіз жүргізушілерге әсер етер емес. Бүгінде оңтүстікте 750 ден астам заңсыз жолаушы тасмалдайтын көліктер анықталған.
Мой аккаунт