Saturday, 20 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

16 жастағы қыз баланың арманы – әріп танып, сауат ашу

16 жастағы қыз баланың арманы – әріп танып, сауат ашуУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Алматыда 16 жастағы қыз бала осы күнге дейін мектепке бармаған. Бұл жайт Алатау аудандық прокуратурасымен Ювеналды полиция қызметкерлері жүргізген тексеру кезінде анықталды. 16 жастағы Гүлстан Әлімова 15 жыл бұрын анасымен бірге Қарақалпақстаннан Қазақстанға көшіп келген. Шешесі тұрақты жұмысы болмағандықтан, әр жерде бір жұмыс істеп келеді. Сөйтіп жүргенде 16 жыл да өте шыққан. Гүлстанның ендігі арманы – ел қатарлы әріп танып, сауат ашу. Бойжеткен енді кешкі мектепке орналастырылатын болды. 10 жасар Алмас та мектеп табалдырығын аттайтын күнді асыға күтіп жүр. Анасы Ақмарал күйеуінің бірнеше жыл бұрын қайтыс болып, ұлын оқытуға жағдайының жетпегенін айтады. Алмас Әбенұлы -Мамам оптовкада істейді. Заттарды, ауыр заттарды көтерген кезде көмектесемін. Ақмарал Иманова, Алмастың анасы -Мен мектепке бардым. Сол кезде жолығып едім директоры болмады. Маған тұрған жеріңнен талон әкел деп айтты. «Үй иесінің госактісі, домовой керек», – деді. Оны кім береді маған? Жалпы құзырлы органдардың тексеруі кезінде Алатау ауданында мектепке бармаған 4 бала анықталды. Адай Құтымов, Алатау ауданы прокурорының аға көмекшісі -4 баланы мектепке орналастыру жөнінде ұсыныс бердік. Сонымен қатар осындай жағдайы нашар семьяларға әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ біз білім басқармасына көмек көрсетсін деп ұсыныс жасадық. Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, төрт бала енді 1-2 аптаның ішінде өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша мектепке барады.
Мой аккаунт