У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Үкімет сырттан қарыз алуды тоқтатпады. Сондықтан, бүгін депутаттар түрлі сылтаумен шетелдік банктерден миллиондап несие алып, бюджеттің ақшасын "тонап" отырған министрлерді қазіргідей қиын кезеңде үнемдеуге шақырды. Тіпті, халықаралық даму банкінен қарыз алуын қолдауды сұраған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа түрлі сауалдар қойып, спикердің өзі "қытайша" ескерту жасады. Бірақ, сөз жарыстырудан ғана аспайтын мәжілісмендер отырыс соңында Халықаралық қайта құру және Даму банкінен 40 миллион доллар қарыз алу туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдап жіберді.