У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Кеше толассыз жауған жауын салдарынан жерасты суларының деңгейі 2 есеге көтеріліп кеткен. Салдарынан қала шетіндегі бірнеше көшеге су жайылды.
Онда таңғы сағат 4-тен бастап мамандар жұмыс істеп жатыр. Ондаған техника жұмылдырылған. Арнайы комиссия құрылып, жағдай бақылауға алынды. Құтқарушылар қазір су деңгейі 40 сантиметрге төмендегенін хабарлады.
Үй аулаларын судан тазарту жұмыстары жалғасуда.
Нұржан Календеров, Тараз қаласының әкімі
-Ешқандай қауіп жоқ. Дегенмен барлық шаралар қабылданып, бұл мәселелерді шешетін боламыз. Төтенше жағдай комитетінің қызметтері өздерінің техникасы мен қаланың техникасы бар, солар арықтың арналарын кеңейту, кейбір арықтарды жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елдердің есігінің алдына кірген суларды техникамен арнайы сорып жатыр.