Қызылордада өткен жылдың аяғында ғана жалпы қатаң рижімдегі сотталушыларға арналған жаңа түрме пайдалануға берілгені белгілі. Енді заманауи үлгіде салынған сотталушылар мекеніне өзге облыстардан сотты болғандар әкелінуде.
Алайда соңғы келгендердің әйелдері күйеулеріміз түрмеде тепіреш көрді деп отыр.
Күйеулеріміз келісімен соққыға жығылды дейді жаза арқалағандардың жарлары. Анық-қанығын білейік десек құзырлы орындар кездестірмей отыр. Түрмеде темірдей тәртіп бар десек, төбелестің ортасы деп шағынады биік дуалды жағалған әйелдер.
МИРА ҰРЖАНОВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІНІҢ ЖҰБАЙЫ:
(Менің мысалы, үш балам бар. Мен оларды тастап келіп тұрмын Алматыдан. Мұнда тәуліктік пәтер жалдап алдым. Ал кездесуге келсем, тіптен дөрекі жауап береді. Тәуелсіз комиссиядан сұрап білгеніміз: біз екеуіміздің күйеуіміздің сау тамтығы жоқ. Мен Алматыдан қызылорданың арасында қашанғы жүрем.)
РУФИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІНІҢ ЖҰБАЙЫ:
Тәуелсіз комиссия ақпаратты жоққа шығармайды. Олар осында келіп, сотталушылармен жүздескен. Тіптен, қашан, қандай жарақат алғандарын да айтып беріпті.
Наталья Денисова, қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі:
Біз барғанда, сотталушының бірі маған шалбарымды шешсем бола ма деп рұқсат сұрады. Мен қанша ыңғайсыздансам да, ол үшін бұл маңызды екенін түсіндім де рұқсат бердім. Оның жамбасының сау-тамтығы қалмапты. Көк ала көк торғайдай етіп сабап тастаған.
Бұл әңгіме сотталушы Сағындықов туралы. Ал Мираның жолдасы Артур Шамраев болса, денесінің тілім-тілім жарақатымен келіп түсіпті мұнда. Бұл мекеменің босағасын аттауға дейін болған оқиға дейді мұндағылар. Сағындықовқа келсек, ол тәртіпке бас имеді деп отыр.
ЖАНДОС ТӨРЕҚОЖА, ЗК-169/1 түзету мекемесі бастығының орынбасары:
Сотталушылардың өз тұрғылықты мекен жайларына жақын жердегі түзету мекемелеріне ауысу туралы арыз-шағымы қаралатын болады. Басшылық тарап болса, алдағы он бес күн ішінде сотталушылардың жан-жақты тексерістен өтетінін хабарлайды. Бұл он бес күн ішінде олар туған-туыстарымен кездесе алмайды заңға сүйенсек. Одан соң екі сағаттық қауышулар басталады деп отыр.