Ахмадия Мұсылман Жамағатының негізін құрушы, Уәделенген Мәсіх әрі имам Мәһди Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед (әлейхи сәләм) айтқан: "Ислам ешбір жағдайда мұсылман-емес үкіметтін азаматтары болған мұсылмандарға, сол үкіметтін теңқұқылы және әділ қамқорлығында тұрып жатып, оған қарсы көтеріліп бүлік шығарындар деп үйретпейді. Қасиетті Құран бойынша, бұл ізгілердің жолы емес, арамзалардың жолы". (Анджам-и-Атхам: Рухани хазаин, т. 11, 37 б., 1897 ж.)
"Бірде-бір нағыз мұсылман, Исламды кылыштын көмегімен тарату керек дегенге ешқашанда сенбеген. Ислам әрқашанда өзіне тән салиқалы қасиеттерінің арқасында дүниежүзіне насихат етілген. Ал, өздерін мұсылман санағанымен, Исламды қылыш арқылы тарату керек дегенді ғана білетіндер, Исламға тән көркем қасиеттерді сезбеуде, олардың қылықтары жыртқыш хайуандардың қылықтарына ұқсайды". (Тирйаку-л-кулюб: Рухани хазаин, т.15, 167 б., сілтеме, 1902 ж.)
"Құран Кәрімнің берген анық бұйрығы: дінді тарату үшін қылыш көтермендер, оның көркем қасиеттерін насихаттап, өздеріне көңіл арбау үшін жағымды үлгілердің көмегіне жүгініндер. Ислам әу бастан қылыш алуды бұйырған – делінген адасушылық ойларға ұрынбандар. Өйткені, ондағы қылыш дінді таратуға емес, басқыншылардан қорғанып, қауіпсіздік пен тыныштықты орнату үшін көтерілген. Дін мәселесінде ешқашанда мәжбүрлеу мақсаты қойылмаған" (Ситара Қайсариййа: Рухани хазаин, т. 15, 120-121 б., 1899 ж.)
Ахмадийя Мұсылман Жамағатының ресми сайттары:
қазақ тілінде http://www.alislam.org/kazakh/
қырғыз тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/kg/
өзбек тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/uz/
орыс тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/ru/
араб тілінде http://new.islamahmadiyya.net/
түрік тілінде http://www.ahmediye.org/