Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Мұхаммед Пайғамбарымыздың ﷺ көркем есімдері және салауат жолдау. (Ахмадия Мұсылман Жамағаты)

Мұхаммед Пайғамбарымыздың ﷺ көркем есімдері және салауат жолдау. (Ахмадия Мұсылман Жамағаты)У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Уәделенген Мәсіх әрі Имам Маһди Хазірет Мырза Ғұләм Ахмед (әлейхи сәләм) Хазірет Мұхаммед Пайғамбарымыз (салләллаһу әлейхи уә сәләм) жайында былай деген: "Біздің Қасиетті Пайғамбарымыз, салләллаһу әлейхи уә сәләм, барлық пайғамбарлардың есімдерін бір өзінде жинақтаған, өйткені, өзге пайғамбарларда жеке-жеке бой көрсеткен мүбәрәк қасиеттердің бәрі бір (Мұхаммедтің) өзінің бойынан табылады. Сондықтан, ол Мұса да, Иса да, Адам да, Ибраһим де, Жүсіп те, Жақып та - бір Өзі. Аллаһ Тағала аятта: ﻔﺒﻬﺪﺍﻫﻢ ﺍﻘﺘﺪﻩ "Сондықтан да олардың соңынан ер", - деген (6:91). Бұл аяттың мәні: "Әй, Аллаһтың Елшісі, барлық пайғамбарлардың түрлі ілімдерін бойыңа жина!" Яғни, пайғамбарлардың асқақ сипаттары Қасиетті Пайғамбарда, салләллаһу алейһи уа сәләм, жинақталған. Шынында да, оның Мұхаммед деген есімінің өзі - "Ең жоғарғы мақтау иесі" - деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы мақтау (егер ол біреуге берілетін болса), барлық пайғамбарларға тән асыл қасиеттер мен ерекше сипаттарды бойына дарытқан жанға беріледі". /«Рухани Хазаин», 5 т., «Айна-и-Кәмәләәт-и-Ислам», 343 б./ "Ойлай келе, мен бір шешімге тоқтадым: Елшілердің арасында, ең таза, ең дана да кәміл ғылымды берген, абзал адамгершілік сипаттарды бойына дарытқан - біздің әміршіміз әрі ұстазымыз Қасиетті Пайғамбарымыз Мұхаммед, салләллаһу алейһи уа сәләм. /«Рухани Хазаин», 17 т., «Арбаин», 1 бөлім, 345 б./ (Дурууд Шәриф): "Аллаһумма салли ъала Мухаммадин, уа ъала али Мухаммад, кама саллайта ъала Иброхима уа ъала али Иброхим, иннака Хамидун Мажид! Аллаһумма бәәрик ъала Мухаммадин уә ъала али Мухаммад, кама бааракта ъала Иброхима уа ъала али Иброхим, иннака Хамидун Мажид!" Мағынасы: "Йа, Аллаһ! Ибраһимге (а.с.) жəне оның ұрпақтарына игілік еткенің сияқты Мұхаммедке (с.а.с.) жəне оның (рухани) ұрпақтарына да игілік ет. Шын мəнінде Сен аса мақтаулысың жəне Даңқын аса жоғары! "Йа, Аллаһ! Ибраһимге (а.с.) жəне оның ұрпақтарына береке бергенің сияқты Мұхаммедке (с.а.с.) жəне оның (рухани) ұрпақтарына да береке бер. Шын мəнінде Сен аса мақтаулысың жəне Даңқын аса жоғары!" Уәделенген Мәсіх әрі Имам Мәһди Хазірет Мырза Ғұлам Ахмад (алейхи сәләм) жайында шынайы ақпаратты келесі мекен-жайлардан алаласыздар: Ахмадия Мұсылман Жамағатының ресми сайттары: қазақ тілінде http://www.alislam.org/kazakh/ қырғыз тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/kg/ өзбек тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/uz/ орыс тілінде http://www.ahmadiyya-islam.org/ru/ араб тілінде http://new.islamahmadiyya.net/ түрік тілінде http://www.ahmediye.org/ парсы тілінде http://www.alislam.org/persian/ ағылшын тілінде http://www.alislam.org/ басқа тілдерде http://www.ahmadiyya-islam.org/online-network/
Мой аккаунт