Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Өрт сөндірушілер жаттығу өткізді

Өрт сөндірушілер жаттығу өткіздіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жаңа жылдық кеш өтіп жатқанда "Өнер орталығы" сахнасынан өрт шықты. Облыстық ТЖД-не хабар беріліп, оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қызметі жіберілді. Бүгін өрт сөндірушілер осындай желімен халық көп шоғырланатын нысандарда болатын төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтады. "Өнер орталығы" шаһардың бас сахнасы. Мұнда үлкен концерттер, жиындар өтеді. Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қызметі бүгін оқу-жаттығу өткізу үшін осы жаңа нысанды таңдаған. Тактикалық оқу-жаттығуға қатысқандар нысанды алдымен электр қуатынан ажырату, өнер орталығындағы адамдарды эвакуациялау, өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру, олар жеткенше өртті қол оқпандармен сөндіру секілді іс-қимылдарын пысықтады. Сондай-ақ, оқу-жаттығуға өнер орталығының да қызметкерлері жұмылдырылды. Олар ғимараттағы өрт сөндіру құралдарымен жұмыс жасап көрді. Оқу-жаттығуды қорытындылау кезінде жеке құрамға жаңа жылдық мерекелерде кезекшілік атқару талаптары айтылды. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv
Мой аккаунт