Monday, 15 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Оралдық журналистің өлімін ұйымдастырған күдіктіге сот кінәлі деп айып тақты

Оралдық журналистің өлімін ұйымдастырған күдіктіге сот кінәлі деп айып тақтыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Оралдық журналист Лұқпан Ахмедьяровтың өлімін ұйымдастырды деп айыптаған сот Нұрлан Тахамбетовті кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Ат спорт мектебінің бұрынғы басшысы, өз кінәсін мойындамайды. Егер сот айыпты деп тапса, Қазақстан азаматтығынан бас тартатынын айтады. Арыз-шағымда көрсетілген 10 миллион теңгенің екі миллионы моральдық шығын ретінде төленетін болды. Сондай-ақ, Тахамбетовтың, "Крайслер" мен "ВАЗ-2108" маркалы көліктері тәркіленеді. 2012 жылдың 19 сәуірінде Оралдағы басылымдардың бірінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа үйінің қасында белгісіз біреулер қалулы қастандық жасап, алты рет пышақ салып, екі рет оқ атқан. Бұл қылмысқа қатысы бар деген айыппен Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны кінәлі деп танылған болатын. Олардың бірі Нұрлан Тахамбетовтың інісі Асхат. Ол да 11 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді. Ал Лұқпан Ахмедьяров, Тахамбетовтың кінәсі толық дәлелденбегендіктен, үкімге арыз-шағым түсіретінін айтады. Сонымен қатар, журналистың ойынша, өзін өлтіруге тапсырыс берген басқа адамдар болуы мүмкін. Нұрлан ТАХАМБЕТОВ, күдікті: -Мені Асхаттің ағасы соған қарап сілтеме жасап соталған болып олай болған жағдайда, мен осы өзімді Қазақстан азаматтығынан бас тартамын.
Мой аккаунт