Оқушы қызды зорлаған қылмыскерге химиялық кастрация жасалмақ
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Жамбыл облысында мектеп ауласындағы әжетханада 7-ші сынып оқушысын соққыға жығып, зорлық көрсеткен күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Жеткіншекті 40 минут бойы азаптап, «даусыңды шығарсаң өлтірем» деп қорқытқан азамат 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кінәсін толық мойындады. Тіпті бұл айтуға ауыз бармайтын қылмысқа ненің кесірінен барғанын да айтып берген. Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы сот залынан.