Sunday, 14 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездестіУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қазақстан мен Беларусь өзара сауда-саттықты күшейтуге ден қойып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға сапарлатып келген Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күрделі экономикалық жағдайда алыс-беріске қарқын беру маңызды. Стратегиялық серіктестікке бет бұрған қос мемлекет өтпелі қиындықтарды бірлесіп еңсеріп көрмек. Сондықтан бүгінгі кездесудің маңызын қос Президент те атап өтті. Ағымдағы ахуалды таразылап, ертеңгі жоспарын айқындады. Қазақстан мен Беларусь бір экономикалық бірлестіктің аясында дамып келеді. Саяси ұстанымдары да ұқсас. Алда екі ел ғылым, техника және ғарыш саласындағы серіктестікті дамытуға мүдделі. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті -Отношения между нашими старанами сложились близки, союзнические. Казахстан один из трех крупнейших партнеров экономического сотрудничества Беларуси. Благодаря вашим и моим усилиям создано много совместных предприятий. Товарооборот, конечно, снизился. Я думаю, не стоит переживать, потому что физические объемы сохранились. Сейчас мы ведем работу по дальнейшему стратегическуму сотрудничеству между нами. Пользуясь тем, что мы проводим высший совет Евразийского союза, наша встреча она очень важна. Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті -Біздің достық кездесулеріміз қашан да жемісті болған. Шынын айтқанда, нарықтағы жағдайлар біздің елдерге де әсер етуде. Сондықтан алыс-берісті ілгерілетуіміз керек. Біздің қатынастарымыздың іргетасы саналатын сауда мен экономикаға қалайда қарқын беруге тиіспіз. Өз кезегінде Беларусь халқы Сіздің жуырда жариялаған Манифесіңізді қолдайды. Айта кетейік, ертең елордада Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді деп жоспарлануда.
Мой аккаунт