Thursday, 25 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Мысыр елі тыныштық табар емес

Мысыр елі тыныштық табар емесУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Мысыр халқынан маза кетті. Каирдегі Тахрир алаңында ереуілдер тоқтаусыз жалғасып келеді. Оппозиция өкілдері ел президенті Мұхаммед Мүрсиге қарсы ұрандар айтып отыр. Дәлірек айтқанда, наразы халық президент өкілеттілігін арттыру туралы жарлыққа қарсылық білдіруде. Бірнеше күнге созылған жанжал салдарынан қарашаның 19-ы күні қаза тапқан Габер Салахтың жерлеу рәсіміне мыңдаған адам қатысып, марқұмға дұға оқылды. «Мұсылман бауырлары» қозғалысының өкілдері алаңда тәртіпсіздіктер жасап, ашуға ерік берді. Полицейлер халықты тарату үшін қару қолдануға мәжбүр болып отыр. Мұндай ереуіл толқындары елдің көптеген қалаларында орын алды. Мысырда өткен жылдағыдай көтеріліс болады деген қауіп бар.
Мой аккаунт