Мектептің мұғалімі 6-сынып оқушысының басынан кітаппен ұрып, сот алдында жауап берді
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Маңғыстау-4 елдімекеніндегі №11-орта мектептің мұғалімі 6-сынып оқушысының басынан кітаппен ұрып, сот алдында жауап берді. Жәбір көрген бала соққы кесірінен қазір сабағын үйден оқып жатыр. Өйткені, ауыр соққы алғаннан кейін дәрігерлер оған «эпилепсия» диагнозын қойған. Алайда, ата-анасы баласына жұдырық ала жүгірген ұстаздың қазір басқа мектепте сабақ беріп жүргенін айтып, ашынып отыр.