Sunday, 14 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталды

Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Қаланың "Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі" атағына екі ұстаз лайықты деп танылды. Олар: №13 мектептен - Бақытнұр Мырзабекова және №5 мектептен - Светлана Чепурная. Үздік атанған ұстаздар енді байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынайды. Шамшырақ Махамбет №45 орта мектептің мұғалімі. Ұстаздық еткен ширек ғасырдың ішінде алдына әріп танымай келген жүздеген баланың сауатын ашты. Үш жылдан бері Ақжар-2 елді мекеніндегі жаңа мектепте еңбек етеді. Қызметке тұрған кезде бірінші рет жетекшілігіне алған бүлдіршіндер қазір үшінші сыныпта оқиды. 25 баланың 12-сі оқу озаты. Сегізі екпінді. "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауы ұстаздың қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін керек,- дейді қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Жұлдыз Шалабаева. Педагогтар қазылар алқасының назарына шығармашылық жұмыстарын ұсынып, бір сабақ өткізді. Ұстаздардың әсіресе күнделікті дәрістерінде жаңашыл әдістерді қолдануына аса мән берілді. Үздік деп танылған екі мұғалім байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Мой аккаунт