Saturday, 27 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

LG Innovations Show 2013 : LG Electronics техникасымен бірге болашақтың жаңа әлемі.

LG Innovations Show 2013 : LG Electronics техникасымен бірге болашақтың жаңа әлемі.У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
ТМД-да алғаш рет электроника мен тұрмыстық техниканың ең соңғы инновациялық өнімдері көрсетілді. Алматылықтар және оңтүстік астананың қонақтары «LG Innovation Show -- 2013» керемет көрмесінің куәгері болды. Алғаш, диагоналі 213 см әлемдегі ең үлкен Ultra HD теледидары, ақылды смартфондар, сонымен қатар осы жылдың көшбасшысы LG Optimus G, сенсорлық монитор және әсіре кең, жақтарының қатынасы 21:9 кәсіби Ultra Wide мониторы. Интерактивті қойылымда ерекше орынды Smart-деледидарларына арналған LG Cloud қызметі алды, ол суреттер, бейне материалдар, әуен және басқа да ақпараттарды сақтайтын қияли қойма. LG Total No Frost жетілдірілген жүйесі бар тоңазытқыштар, 6 Motion қызметі бар кір жуғыш машиналар, электр қуатын 66 % -ға дейін үнемдейтін жаңа салқындатқыштар, робот-шыңсорғыштар -- көрсетілген барлық жаңашылдықтардың тізімін әлі де толықтыруға болады. Смартфоннан лезде сурет шығарып алуға мүмкіндік беретін қалтада ұстайтын сурет шығаратын принтер, және суды тазалау бірегей жүйесі Инновациялық интерактивті көрмеде қонақтарға алғашқы рет көрсетілген болатын. Көрсетілген барлық техника LG Innovation Show қонақтарына қол жетімді болды, әрбір адам өзіне ұнаған өнімді сынақтан өткізіп, тіпті дәл сол жерде сатып алуға мүмкіндік алды. LG Electronics әлеміндегі ақпаратты тереңірек келесі ресми сайттарда біле аласыз: http://www.lg.com/kz/innovation Сондай-ақ, әлеуметтік желі беттерінде: Facebook: https://www.facebook.com/pages/LG-ElectronicsKazakhstan/224874077531470 Вконтакте: http://vk.com/lg_mobile_kazakhstan#/lg_electronics_kazakhstan Twitter: https://twitter.com/LGElectronicsKZ Blog: http://lgeak.yvision.kz
Мой аккаунт