Monday, 06 October, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Қызылжар ауылында жол белгілерінің болмауынан тұрғындар зардап шегуде

Қызылжар ауылында жол белгілерінің болмауынан тұрғындар зардап шегудеУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Дарин бүгін Қызылжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Әкім ауыл халқының алдында өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап, есеп берді. Қызылжарлықтар бір ауыздан жол азабын тартып отырмыз деп шағынды. Елді мекеннің жаңадан бой көтеріп келе жатқан бөлігінде жол атымен жоқ. Тұрғындары қыс түссе қарға омбығады. Көктем шыға лай, балшық кешеді. Бақұзақ Дариннің айтуынша, биыл мамыр айына таман Қызылжарда жол құрылысы басталады. Сызбасы қайта тексеріліп, құрылыс-сметалық жобасы әзірленіп жатыр. Ал, Қызылжар ауылының ескі бөлігінде жол бар. Бірақ жол белгілері жоқ. Тұрғындар соңғы үш күннің ішінде 2 адамды көлік қағып, мерт қылғанын айтады. Қала мен ауыл арасын жалғап тұрған қоғамдық көлік те жетіспейді. 4 ескі автобус кезектесіп қатынайды. Онда да қозғалыс кестесі мен жүретін уақыты белгіленбеген немесе кестеге жүргізушілер бағынбайды. Ал демалыс күндері ауылдан қалаға, я қаладан ауылға жету мұң, дейді тұрғындар.Бұдан бөлек, Қызылжар ауылында электр жарығы жиі өшеді. Автобус аялдамалары жоқ. Ауыл ішінде бұралқи иттер көп. Қызылжарлықтар осы проблемалардың шешілгенін қалайды. Бақұзақ Дарин Благодар ауылдық округіне қарасты 11 елді мекеннің барлығында есеп беру жиынын өткізіп, тұрғындарымен кездеседі.
Мой аккаунт