Қызылорда облысы мен Татарстан әріптестікті нығайтпақ
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Татарстан мен Қызылорда облысы әріптестік көкжиегін кеңейтпек. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған қызылордалық делегация Татарстан Республикасында екі күндік жұмыс сапарымен болып, «Еуразиялық интеграция: жетістіктер мен проблемалар» тақырыбындағы қоғамдық форумға қатысты. Алқалы жиында сөз алған Қырымбек Көшербаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кедендік Одақта Еуразиялық интеграцияны күшейтіп, Еуразиялық экономикалық одақ құруда аймақаралық қатынастардың рөлі айрықша деп атап өткенін еске салды.