Елбасы еуразиялық кеңістікке ортақ құқық қорғау ұйымын құруды ұсынды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия полициясын құруды ұсынды. Бұл туралы ол ТМД елдерінің кезекті отырысына келген ішкі істер министрлерін қабылдау кезінде мәлімдеді. Елбасы қазір Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктердің жұмыла жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, достастық елдері аумағында, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін айтты.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біртұтас экономикалық кеңістікте трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Interpol үлгісімен Еуразия құқық қорғау ұйымын құру жөніндегі ұсыныс тастаған болатынмын. Егер сіздер қолдасаңыздар, бұл мәселені тезірек қолға алып, мемлекеттер аумағындағы қылмыспен бірлесіп күресуге мүмкіндік тумақ. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24