У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Алты жыл бұрын із-түссіз жоғалған Өзбекстан Республикасының азаматы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласынан табылды. 48 жасар азаматты жергілікті кәсіпкер күштеп жұмысқа жегіп, жертөледе қамап ұстаған. Құжатын ұрып-соғып тартып алған. Көрші елдің азаматы оңтүстік өңіріне 2006 жылы жұмыс іздеп келген. Содан бері құлдықтың бұғауында жүріпті. Өзбекстандық ер азамат кәсіпкерге тиесілі ғимараттарда құрылыс жұмыстары мен үй шаруаларын да атқарған. Тіпті көңіліне жақпай қалған жағдайда тамақ та бермей қойған. Кентаулық кәсіпкер жағымсыз әрекеттерге өзінің 1985 жылы туылған ұлын да араластырғаны белгілі болды. Бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен «Бүркіт» арнайы жасағының бірлесіп жүргізген шұғыл әрекеті кезінде әшкереленді. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
https://www.youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - https://24.kz
Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24