Алматы қаласы мен оның маңындағы жерлер қатаң бақылауға алынатын болды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бұл туралы Алматыда Жер заңнамасын жетілдіріп, жерді тиімді пайладалануға бағытталған отырыста айтылды. Қалада ауыл шаруашылығы мақсатына және коммерциялық нысандар салуға берілген мыңға жуық жер телімі пайдаланылмай, 42-сі мемлекетке қайтарылған. Ал қала маңындағы 7 мың гектарға жуық жер ауыл шаруашылығын дамытуға алынып, әлі бос жатса, жеке тұрғын үй құрылысына берілген 366 учаскеде қазық та қағылмаған.