Канадада сарбаздарға шабуыл бойынша жаңа деректер мәлім болды
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Канаданың Оттава қаласындағы әскери мемориалды күзетіп тұрған сарбаздарды атып өлтірген адамның сыбайластары болмаған. Бұл туралы елдің Корольдік жандармерия басшысы Боб Полсон мәлімдеді. Полиция қызметкері бұл оқиғанының жақында Квебек провинциясындағы шабуылмен еш байланысы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, қылмыскердің Сирия еліне бармақ болғаны анықталды.