У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Туған өлкесінің қалыптасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұтастай тәуелсіз Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері тарихын айқындап, көрсету мақсатын көздеген облыстық «Елімнің тағдыры -- менің тағдырым!» форумына арналған деректі фильм.
Бірінші республикалық «Елімнің тағдыры -- менің тағдырым!» форумы 2012 жылдың шілдесінде, Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілген болатын. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен резонанс туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды.
Аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі -- аудандық деңгейде; екіншісі -- облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры -- менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.