Wednesday, 17 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

Дубайда қамауға алынған отандастарымыз бүгін елге оралды

Дубайда қамауға алынған отандастарымыз бүгін елге оралдыУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Дубайда қамауға алынып, бірнеше ай бойы жақындарымен қауышпаған отандастарымыз бүгін елге оралды. Астана арқылы ұшып келген алты оралдық азамат, отбасыларын көріп марқайып қалды. Асылбек Шүкранов, Қуаныш Өтешов пен тағы төрт азаматты отбасылары үш ай бойы күткен. Бірақ оларды күткен жақындары азаматтарының жүзін көре алмады. Дубайда ұсталғандарды күту залына жеткізбестен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері көлікке салып кеткен. Олардың жақындарының бірі ұлдарының араб киімінде және жаздық аяқ киіммен келгенін айтқан. Туыстары әлі күнге дейін оларды кім және не үшін ұстағандарынан хабарсыз. Тек іске Сыртқы Істер министрлігінің араласқандығы айтылады. Сондай-ақ Астанаға Дубайда ұсталған тағы 12 адам ұшып келді. Естеріңізге сала кетейік, отандастырымыз 2013 жылдың отызыншы қазанында белгісіз себептермен Дубайда қамауға алынған еді.
Мой аккаунт