Бүгін әлемге танымал саяси қайраткер Нельсон Манделаның туған күні
У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Бүгін аты әлемге танылған ұлы тұлға, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның туған күні. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қарар қабылдап, 18 шілдені «Нельсон Манделаның халықаралық күні» ретінде атап өтуге шешім қабылдаған. Бір ғасыр бұрын дүниеге келген саяси қайраткердің қайшылыққа толы ғұмыры, бейбітшілік пен бостандыққа қосқан зор үлесі өнеге ретінде қазақстандық жеткіншектерге айтылды.