Tuesday, 16 September, 2025г.
russian english deutsch french spanish portuguese czech greek georgian chinese japanese korean indonesian turkish thai uzbek

пример: покупка автомобиля в Запорожье

 

БҚО-ның Казталов ауданы 2013- жылғы бюджетті 98 пайызға игеріп, кіріс көлемін 110 пайызға ұлғайтқан

БҚО-ның Казталов ауданы 2013- жылғы бюджетті 98 пайызға игеріп, кіріс көлемін 110 пайызға ұлғайтқанУ вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ал ағымдағы жылға аудан бюджеті 3 млрд. 680 млн. теңге көлемінде бекітілген. Бұл жөнінде бүгін Казталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың қатысуымен өткен баспасөз конференцисында мәлім болды. Ағымдағы жылы аудан бюджеті 3 млрд. 680 млн. теңге көлемінде бекітілсе, оның 76 пайызы әлеуметтік сала шығыстарына бағытталғалы отыр. Аудандағы негізгі кәсіп ауыл шауашылығы саласында 6 заңды тұлға мен 582 шаруа қожалықтары тіркеліпті. Былтыр одан түскен өнім 2012- жылдан 109 пайызға өскен. Енді мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Ауданда лор, акушер-гениколог, терапевт, көз дәрігерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Жұқпалы дерттердің төмендеуі тіркелгенмен, ауданда өз-өзіне қол жұмсау жиі тіркеліп, өткен жылы 14 оқиға болыпты. 2013 -жылдың соңында болған өзгеріс көршілес Александров Гай ауданының арасындағы Қазталов -Фомин шекарасы ашылған. Екі аудан тұрғындары арасында еркін қатынас пайда болып, енді шекаралық елді мекен тұрғындары мәдени, сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделік таныту екен. Тілшілер тарапына Нұрлан Бекқайырға жол жөндеу, білім сапасы және табиғат қорғау мәселелері жөнінде сауалдар қойылды. Кездесу соңында шараны ұйымдастырған БҚО әкімінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бас маманы 18-наурыз күні халық алдында аймақтағы ТЖД-нің басшысы Қадыр Уапұлы Бисембаев есеп беретін хабарлады.
Мой аккаунт