У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Алматы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Көкшетаудан Алматыға бағыт алған «Челленджер» ұшағының ішінде 21 адам болған. Өкінішке орай, барлығы түгелдей мерт болды. Қайғылы жағдай орын ала салысымен, құзырлы мекемелер мен ресми билік аяғынан тік тұрып, оқиға орнына жетті. Қазір, қаза тапқандардың денелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат болған жерде арнамыздың түсіру тобы да жүр.