У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Ақтөбеде жаңа мектеп пайдалануға берілді. 600 орындық білім беру ордасы республикалық бюджет қаржысына салынған. «Оңтүстік-Батыс» шағын ауданына көшіп келуші көп, сәкесінше бала саны да артқан. Сол үшін 836 млн теңгеге 3 қабатты ғимарат тұрғызылды. Асханасы, спорт залы мен оқу бөлмелері талапқа сай жабдықталды. Ақтөбеде 5 мектеп үш аусыммен бала оқытады. Осы оқу жылының басында 4 мектеп пайдалануға берілді. Соның өзінде мектеп тапшылығы сезілуде. Үш аусымда оқытуды жою үшін, тағы 5 мектеп салу жоспарлануда. Жаңа мектептердің жобасы дайын. Ал олардың әрқайсысы бір мыңға жуық оқушы қабылдайтын болады.