У вашего броузера проблема в совместимости с HTML5
Астанада бес балалы жалғыз басты ана қорқынышпен өмір сүруде. Қазір пана еткен аядай бөлмесі тұрғын үй басқармасының балансында. Оған үй жалдауға қаржысы таусылған соң, әрі бөлме бос болғандықтан өздігінен кірген екен. Мұны естіген шенеуніктер енді бөлмені босатуын талап етуде.